Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заң бойынша барлық пікірді назарға алу керек – Тоқаев

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заң бойынша барлық пікірді назарға алу керек, деп санайды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», - деп жазды Тоқаев бейсенбі күні Twitter парақшасында.
Атап өтелік, соңғы күндері Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Қазақстанның басқа да бірқатар қалаларында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға қарсы акциялар өтіп жатыр. Сонымен, елордадағы акцияда көп балалы аналар жаңа заң бойынша балаға барлық жағдайдың жасалу керектігін, сонымен қатар экономикалық жағдайын да жасау керектігі көрсетілгенін айтты. Ал мұндай талап қазіргідей жағдайда мүмкін емес дейді олар.
«Т42 500 көлемінде ең төменгі жалақы алып отырғандарға «экономикалық зорлық-зомбылыққа жол бермеу» туралы мемлекет қалай айтып отыр», - деп ашуланды әйелдер.
Қарсылықтардың жиілеп кетуіне байланысты мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын парламентке кері қайтару туралы пікір білдірді.

adimage