Пара алғаны үшін «Алматыжолзертхана» директорына Т40 млн айыппұл салынды

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ - Пара алғаны үшін «Алматыжолзертхана» директоры Сахи Кенжеғұлға «Қазақжолқұрылыс» ЖШС директоры Зағапар Дощановтан жол құрылысы кезінде материалдарды барынша арзанына алмастыруға келісіп, пара алғаны үшін Т40 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Алматы облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматыжолзертхана» РМК директоры С.Кенжеғұлға қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын аяқтады. С.Кенжеғұл 2018 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың сәуірі аралығында «Қазақжолқұрылыс» ЖШС-ның директоры З.Дошановтан жол салу барысында арзан материалдарды қолдануға келісімін беру үшін жалпы сомасы 2 млн теңге пара алған. Сонымен қатар ол кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан. Биылғы жылдың 12 маусымында С.Кенжеғұл Талдықорған қалалық сотының үкімімен 40 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, дәл осы сот пара беруші З.Дошановты да 30 млн теңге көлемін айыппұл төлеуге міндеттеді.
«Сотталушылар мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін өзі басқару органдарында өмір бойы лауазым иелену құқығынан айырылды», - деп атап өтеді агенттік. Ведомство мәліметінше, сотталушылар үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 жылдың ішінде айыппұлдарын төлеуі тиіс. Егер олар айыппұлдарын аталған мерзім ішінде төлемесе бас бостандықтарынан айырылады», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 18 сәуірде хабарланғандай, «Алматыжолзертхана» РМК директоры С.Кенжеғұл кәсіпкерлік қызметіне қолдау көрсеткені үшін ЖШС директорынан Т2 млн көлемінде пара алған деген күдікке ілінген еді.

adimage