Павлодар облысында ЖКО салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Алматы. 8 қазан. ҚазТАГ - Павлодар облысында ЖКО салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«7 қазанда сағат 16.30-да Ленинский ауылынан 2 шақырым қашықтықта Ленинский – Русская поляна тас жолында Toyota Chaser көлігінің 25 жасар жүргізушісі рөлді игере алмай қалып, аударылып кеткен. ЖКО салдарынан 1963 ж.т. жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен қалған үш жолаушы (екеуі кәмелекте толмаған) түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген», - деп хабарлады сейсенбіде Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінен.
Департаментте атап өткендей, аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

adimage