Павлодарда $100 мың көлемінде пара алды деп айыпталған салық қызметкерлері ақталды

Павлодар. 4 қараша. ҚазТАГ – Павлодарда $100 мың көлемінде пара алды деп айыпталған мемлекеттік кіріс департаментінің (МКД) қызметкерлері ақталды, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
«Кінәсіз деп танылсын», - делінген дүйсенбідегі сот үкімінде.
Еске салсақ, 2018 жылдың 31 тамызында аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен Павлодар ооблысы МКД басшысы Ернұр Байғұрманов және осы департаменттің экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы Азамат Бейсенбаев ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствосының өкілдері нақтылағандай, салық қызметкерлері қылмыстық істі тоқтату және Т1,1 млрд көлемінде салықты есептемеу үшін ағымдағы жылдың наурыз айында ЖШС өкілінен $100 көлемінде алған параны қайтарып жатқанда ұсталған-мыс. Хабарда айтылғандай, күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарында тінту жүргізіліп, $160 мыңнан астам қаржы, Т10,5 млн және тоғыз жұп аса қымбат швейцариялық қол сағаттары табылған. Сол кезде Байғұрманов пен Бейсенбаев және жедел уәкіл Д.Мағзұмов ұсталған еді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары «аса ірі көлемде пара алған» деген күдікпен жүргізілген еді.

adimage