Павлодарда автобус жүргізушісі жол белгілерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

    Павлодар. 19 сәуір. ҚазТАГ- Павлодарда автобус жүргізушісі жол белгілерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «18 сәуірде сағат 21:50-де Назарбаев даңғылы бойынша Golden Dragon маркалы автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, STOP жол белгісімен соқтығысқан. Одан кейін жүргізуші қозғалысын жалғастыра беріп, басқа белгіні соққаннан кейін жол– көлік оқиға орнынан кетіп қалды»,- деп хабарлады жұма күні Павлодар облысының полиция департаментінде.
   Тәртіп сақшылары жүргізушіні анықтады. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автобус айып тұрағына қойылды.

Фото көзі: Фото из открытых источников


adimage