Павлодарда өзбек аспаз қыз бала отырған әйелдер дәретханасынан сығалаған деп күдіктелуде

Павлодар. 15 қазан. ҚазТАГ – Павлодарда өзбек аспаз қыз бала отырған әйелдер дәретханасынан сығалаған деп күдіктелуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«12 қазанда Павлодар қаласындағы СҮ-нің бірінде белгісіз біреу әйелдер дәретханасынан айнаны қолдана отырып, 10 жасар қыз бала отырған көрші кабинканы жасырын қараған. Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласы ПБ қызметкерлері 1968 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстаған. Ол мейрамханалардың бірінде аспаз болып жұмыс жасайды екен», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 124 бабымен (жас балаларды азғыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

adimage