Павлодарда жүкті келіншек алаяқтық жасап, 10 адамға 15 млн теңге шығын келтірді деген күдікке ілінді

    Павлодар.27 наурыз.ҚазТАГ- Павлодарда жүкті келіншек алаяқтық жасап, 10 адамға 15 млн теңге шығын келтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «Алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы павлодарлықты ұсталды. Күдікті өз жерлестерінің сенімін асыра пайдаланып, жәбірленушілердің дербес деректерін иемденіп, екінші деңгейдегі банктерде тауарлық кредит ресімдегені анықталды. Тауар ресімделген дүкен қолма-қол ақша алуға көмектесті ", – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
   Бұл ретте жазасыз қалуға үміттеніп, кәсіпкер қыз банк қызметкерлеріне жалған телефон нөмірлерін қалдырған.
Полицейлер бүгінде күдіктінің қармағына түскен осы өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінгенін атап өтті. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 15 млн теңгені құрады.
   Алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті жүкті болғандықтан бұлтартпау шарасы қолданылды.

Фото көзі: pixabay


adimage