Павлодарда жедел жәрдемнің қатысуымен жол апаты орын алды

    Павлодар. 26 қазан. ҚазТАГ-жедел жәрдемнің қатысуымен болған ЖКО Павлодарда орын алды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   "27 қазанда Павлодарда Естай-Генерал Дүйсенов көшелерінің қиылысында "жедел жәрдем" көлігі мен Toyota автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады сәрсенбіде Павлодар облысының полиция  департаментінде.
   Жедел жәрдемнің 60 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соқтыруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
   1 АЕК = Т2917.


adimage