Пайдаланылғанына 10 жылдан асып кеткен автобустар бастапқы тіркеуден өткізілмейді

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Пайдаланылғанына 10 жылдан асып кеткен автобустар бастапқы тіркеуден өткізілмейді, деп мәлім етті сенат депутаты Андрей Лукин. 
«Жол жүрісі туралы» Заң жобасында он жылдан аса пайдаланып келген автобустарды бастапқы тіркеуден өткізуге тыйым салатын түзету ұсынылды», -деді бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын сенатта талқылау барысында.
Қабылданған түзетулер бойынша жүргізушілер өздерімен бірге көлік жүргізу куәлігі мен техқұжатын алып жүрмесе болады. Сәйкесінше, ол құжаттарының қасында болмағаны үшін айыппұл да салынбайды. Барлық мәлімет электронды базада сақталады – тек жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті. Бұл ретте аталмыш нормалар тек Қазақстан азаматтарына ғана арналған – шетелдіктердің жүргізуші куәліктері және көлік құжаты болуы тиіс.

adimage