Петропавл әкімі тағайындалды

Петропавл. 12 сәуір. ҚазТАГ – Петропавл әкімі болып Болат Жұмабеков тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Болат Серікұлы Жұмабеков Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды», - деп хабарлады жұма күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Жұмабеков бұған дейін 2018 жылдың қаңтарынан бастап СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды басқарды, ал оған дейін 2014 жылдың тамызынан бастап 2018 жылдың қаңтарына дейін СҚО Қызылжар ауданының әкімі болды. 2014 жылы «Jels-Astana» ЖШС коммерциялық директоры қызметін атқарды. Атап өтелік, Жұмабеков 2012 жылдың қаңтар 2013 жылдың мамыры аралығында Петропавл әкімі болған еді.
Еске салсақ, Жұмабековтың алдындағы Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетов наурыз айының аяғында СҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

adimage