Петропавлда ветинспекторға 5 млн теңге айыппұл салынды

   Петропавл.5 маусым.ҚазТАГ- Петропавлда ветинспекторға 5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
   «Петропавл қалалық сотының үкімімен бас маман – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор пара алғаны үшін сотталды және оған параның отыз бес еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 5,2 млн теңгені құрайды»,- делінген хабарламада.
   «Антикор» мәлімдегендей, 2023 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Жанарбек Бусурманов қызметтік жағдайын жүйелі негізде пайдалана отырып, тиісті ілеспе ветеринариялық құжаттарсыз «Привокзальный» және «Дария» қалалық базарларында ет өнімдерін көтерме сатып алуды және бөлшектеп сатуды жүзеге асыратын кәсіпкерлерден пара алғанын хабарлады.
  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство сотталушының мұндай әрекеті аумақтық инспекцияның жауапты тұлғалары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы салдарынан мүмкін болғандығын атап өтті»,- деп мәлімдеді департаметте.
   Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою үшін аумақтық инспекция басшылығына мемлекеттік инспекторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілген бейнежазбаларға мониторинг жүргізу қажет.

adimage