Полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде 900 жұмыс істемей тұрған камера анықталды

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде 900 жұмыс істемей тұрған камера анықталды, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
«Азаптаудың алдын алу бойынша маңызды қадамдардың бірі полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында үздіксіз бейнебақылауды енгізу болып табылады. Бас прокуратура полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде бейнекамералармен қамтылмаған 5812 учаске мен үй-жайлар және 900 жұмыс істемей тұрған камера анықтады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, прокуратураның ұсынысы бойынша «Көрінбейтін аймақтарды» болдырмау үшін 3783 қосымша бейнекамера орнатылды. Ғимараттарды толық жарақтандыруды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
«Аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады бас прокуратурадан.
Ведомство нақтылағандай, осы және басқа да полиция қызметкерлері арасында азаптаудың алдын алудың мәселелері Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың қатысуымен Ішкі істер министрлігінде өткен ведомствоаралық кеңесте талқыланды.

adimage