Полиция Павлодардың жабылғаны туралы ақпарат таратқандарды іздеуді бастады

Павлодар. 26 наурыз. ҚазТАГ – Полиция Павлодардың жабылғаны туралы ақпарат таратқандарды іздеуді бастады, деп хабарлады ҚазТАГ.
«25 наурызда WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреу «ертең таңғы 8.00-ден бастап Павлодар қаласы жабық болады, шығуға тыйым салынады» деген ақпарат таратқан. Полиция департаменті аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және оның жалған екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда облыстың ПД төтенше жағдай кезінде әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін (ҚК 4 бөлімі 274 бабы) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, сонымен қатар дыбыстық хабарлама авторы мен әлеуметтік желіде оны таратқан адамды анықтауға бағытталған іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады бейсенбіде Павлодар облысы ПД-нен.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 428 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 19 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 88 жағдайы тіркелген. 25 наурызда белгілі болғандай, коронавирус жұқтырған екі қазақстандық емделіп шыққан.

adimage