Психдиспансерде тіркеуде тұрған кісі Алматы базарында пышақпен ұмтылған деп күдіктелуде

Алматы. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Психиатриялық диспансерде тіркеуде тұрған кісі Алматы базарында пышақпен ұмтылған деп күдіктелуде, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«8 қаңтарда сағат 13.17-де Алматының Әуезов ауданы ПБ кезекші бөліміне 25-30 жас шамасындағы ер адам «Достық» ықшамауданында орналасқан базарда өтіп бара жатөқан адам мен сатушыға пышақпен ұмтылған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті ретінде 2011 жылдан бері «Параноидты шизофрения» диагнозымен писхиатриялық диспансерде есепте тұрған ар адам ұсталды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Департаментте атап өткендей, 9/2 жедел медициналыө көмек көрсету бригадасы пышақпен ұмытлған ер адамды Алматыдағы «Псхикалық денсаулық оратлығына» жеткізіп, жатқызған.
«Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 293 бабы 3 бөлімі 2 тармағы (бұзақылық) бойынша қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді», - делінген хабарда.

adimage