Путин бес қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Ресей президенті Владимир Путин бес қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін өзара байыту және жақындастырудағы жемісті еңбегі үшін Пушкин медалімен марапатталсын», - делінген Путиннің жарлығында.
Құжатқа сәйкес, ресейлік медальмен келесі Қазақстан азаматтары марапатталған:
- «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров;
- Шымкент қалалық орыс драматеатрының директоры Игорь Вербицкий;
- Н. Сац ат. Балалар мен жасөспірімдердің мемлекеттік академиялық орыс театрының әртісі Валерия Крымская;
- Л.Гумилев ат. ҚазҰУ ректоры Ерлан Садыков;
- «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрағасы Галина Щербакова.

adimage