Путин бесінші рет Ресей президенті болып қайта сайланды

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Владимир Путин бесінші рет Ресей президенті болып қайта сайланды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
18 наурызда Ресейде президенттік сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазіргі президент 85,13 пайыз дауыс жинаған.
«Жаңа адамдар» партиясынан түскен Владислав Даванков – 3,94%, РФКП-ден түскен Николай Харитонов – 4,28%, ЛДПР кандидаты Леонид Слуцкий – 3,16% жинаған.
2018 жылы Путин 77% дауыс жинаған еді – бұл оның ең жоғары көрсеткіші болатын. Биыл да сайлау учаскелеріне келушілер саны көп болды.
Путиннің салтанатты түрде ант беру рәсімі 7 мамырда өту керек.
Путин сайлау қорытындысы жарияланғанға дейін өткен брифингте мәлімдеме жасады. Ол саясаткер Алексей Навальныйдың өліміне бірінші рет түсінік берді. «Навальный өмірден өтті, өте қайғылы жағдай. Навальныйды батыс елдерде жүргендермен алмастыру туралы ой болған еді, мен келістім, біз оны алмастырғымыз келген, ол қайтып келмес үшін, бірақ солай болып қалды (өлімі – ҚазТАГ), бұл өмір», - деді Путин.
Ол жаңа мерзімде «арнайы операция міндеттерін шешетінін, қарулы күштерді нығайтатынын» мәлімдеді.

adimage