ҚР 2020 жылы 100 мың бас ІҚМ және 300 мың бас ҰҚМ сатып алуды жоспарлауда – АШМ

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда 2020 жылы 100 мың бас ірі қара мал мен 300 мың бас ұсақ қара мал сатып алуды жоспарлауда, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров.
«2020 жылы 100 мың бас ІҚМ мен 300 мың бас ҰҚМ сатып алуды қаржыландыру жоспаралнуда. Сонымен қатар импорталмастыру аясында 46 мың тонна сүт пен 30 мың тонна құс етін өндіру жобасын жүзеге асыру жоспарланған», – деді Омаров сәрсенбі күні халықпен есепті кездесуінде.
Оның айтуынша, мемқолдау аясында сүтті қайта өңдеу өндірісі 7%, етті қайта өңдеу өндірісі - 8% артқан. Бұл ретте сүт зауыттарының жүктемесі 18%, ет комбинатының жүктемесі 21,6% артқан.
Мал шаруашылығын дамытуға «ҚазАгро» 2019 жылы Т156,5 млрд. жұмсады. Құны Т53 млрд. тұратын 82 мың бас ІҚМ әкелу және Т12,3 млрд. сомаға 374 мың бас ҰҚМ сатып алу қаржыландырылған, деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, оның ақпарынша, құны Т19,1 млрд. болатын 16 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды.
Осылайша, бұған дейін қаржыландырылған жобаларды ескергенде 2019 жылы мал шаруашылығы саласында жалпы құны Т64,3 млрд. болатын 54 инвестжоба жүзеге асырылды.

adimage