ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің жаңа төрайымы тағайындалды

Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) мектепке дейінгі және орта білім комитетінің жаңа төрайымы тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Майра Мелдебекова 1993-2005 жылдары Шымкент қ., Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орта мектептерінде қазақ тілі, математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2005-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.

adimage