Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында алдағы үш тәулікте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22-24 қаңтарда Ақтөбе облысында қар, күндіз 22 қаңтарда қатты қар, 22-24 қаңтарда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында қар, Павлодар облысында қар, 23, түнде 24 қаңтарда жауын-шашын (көбінесе қар түрінде)», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, күндіз 22 қаңтарда Ақтөбе, күндіз 22, түнде 23 қаңтарда Қостанай, күндіз 22, тәулік бойы 23 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, тәулік бойы 23, түнде 24 қаңтарда Павлодар облыстарында бұрқасын, кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24