ҚР-да білім алу мақсатымен интернет-ресурстарға кіру тегін болады

Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанда білім алу мақсатында интернет-ресурстарға кіру тегін болады, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Интернет-провайдерлермен жұмыстар жасадық. Келісімге қол жеткізілді. Енді білім алу мақсатымен интернет-ресустарға кіру барлық қолданушылар үшін, барлық бала үшін, студенттер мен оқушылар үшін тегін болмақ. Енді осы білім алуға арналған сайттарға кіргені үшін мегабайттар шегерілмейді», - деді Аймағамбетов сейсенбі күні ОКҚ-де.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 325 жағдайы тіркеліп, 21-і жазылып, екі адам көз жұмды.

adimage