ҚР-да педофилдерге 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу жоспарлануда

Күні: 18:54, 20-11-2019.

Астана. 20 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда педофилдерге 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылуда, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
«Зорлау, сексуалдық сипаттағы қылмыс үшін жауапкершілік күшейтіледі. Атап айтсақ, зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. Бұл жерде татуласу болмайды. Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар үшін жаза тіптен қатал болмақ. Бұл аса ауыр қылыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр», - деді сәрсенбідегі мәжілісте Қазақстан бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.
Сәбилерді аздыру, педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін, тек қана бұрмалап және жасырып қоймай, біліп тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік күшейтіледі.
«Мұндай бұзушылықтар да ауыр қылмыс болып саналады», - деді қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды ұсынған Ахметжанов.


Жаңалықтармен бөлісу: