ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Астана. 20 тамыз. ҚазТАГ- ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Жаркешов Санжар Серікбайұлы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды. Ведомствода Санжар Жаркешов геология мәселелеріне жетекшілік ететін болады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 33 жасар Санжар Жаркешов Еңбек жолын 2008 жылы Техаста (АҚШ) Остин қаласында Мұнай және геожүйелік инжиниринг орталығының зерттеуші инженері болып бастады, онда 2010 жылға дейін жұмыс істеді. 2010-2016 жылдары «ExxonMobile» Корпорациясында Калифорния, Колорадо және Техас (АҚШ) штаттарында бұрғылау жөніндегі инженер, Иракта бұрғылау жөніндегі аға инженер, Ресейде (Сахалин аралы) бұрғылау жөніндегі бас инженер, Атырау қаласында аға жобалық инженер болып еңбек етті. 2016-2018 жылдары - Шотландиядағы Перт қаласында «Merlin ERD» компаниясында кәсіпшілік супервайзерлер басшысы және бұрғылау жөніндегі жетекші инженер болды. 2018 жылдың наурыз айынан қазірге дейін Ұлыбританияда Лондон қаласында McKinsey and Company компаниясында мұнай өнеркәсібінің жаһандық сарапшысы және басқарушы кеңесшісі болып жұмыс істеді.

adimage