ҚР ИИДМ су тасқыны болған кезде қауіпті автокөлік және темір жолдар бөлігін атады

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі су тасқыны кезінде қауіпті деп танылған 464 автокөлік жолдары мен 673 темір жол бөліктерін анықтады.
«Бүгінгі таңда республикалық желінің ұзындығы 24,9 мың шақырымды құрайды, ол жерде 1277 көпір мен 14 994 су өткізгіш құбыр бар. Олардың ішінде 464 қауіпті бөлік, 66 көпір мен 852 су өткізгіш құбыр бақылауға алынған, оларға 883 бірлік жол-пайдалану техникасы бекітілген. Тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған, жолдар мен жол құрылғыларын күн сайын патрульдеу жүргізілуде», - деді ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев сейсенбі күні үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, су тасқынымен күресу үшін 644 тонна ЖЖМ, 8,1 мың текше м. топырақ, 6,8 мың текше м. тас, 17,2 мың текше м. қиыршық тас, 45,5 мың дана қап, 25 дана темір бетон құбыр әзірленген, су өткізгіш құбырлардың саңылауларын және көпір асты аймақтарының арнасын қардан тазарту жұмыстары басталды.
Оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларды қаржыландыру жолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаржы аясында жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, ИИДМ басшысы барлық өңір бойынша темір жол желісінде 673 қауіпті орын тізімі жасалған.
«Тасқын сулар кезінде жауапты тұлғалардан тәулік бойы кезекшілік, қосымша аралау және анықталған қауіпті жерлерді аралап шығулар ұйымдастырылады. Көпірлердің, құбырлардың, кәріз құдықтарының саңылауларын қардан тазалау, таулардағы және су ағызатын жыраларды, жаймалар мен жыраларды ашу жұмыстары басталды. Шойтас, рельстік пакеттер, кондицияға сәйкес емес темір-бетон шпалдары бар 42 шайылуға қарсы пойыздарды (312 вагон) қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде», - деді министр.
Өскенбаевтың айтуынша, Қарағанды облысында Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде Қарасор көлін орағытып өтетін теміржол жолдарының құрылысы жөніндегі жоба жүзеге асырылу кезеңінде.

adimage