ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9% дейін төмендетті

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9% төмендетті, деп хабарлады қаржылай реттеушінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. деңгейіндегі пайыздық дәлізде сақтай отырып 9,00%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Жылдық инфляция наурызда нысаналы дәліздің ортасынан төмен болып қалыптасты. Инфляциялық күтулердің төмендеуі жалғасты. Сыртқы секторда бірқатар оң үрдістер байқалып отыр: негізгі сауда әріптестері елдерде инфляцияның бәсеңдеуі, сондай-ақ сыртқы шикізат нарықтарындағы бағаның өсуі. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім инфляцияның ағымдағы серпінінің және ағымдағы жылға арналған болжамдарының сәйкес келуіне, сондай-ақ 2020 жылға арналған күтулерге қатысты қабылданады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
ҚР Ұлттықбанкі ақпары бойынша, жылдық инфляция ағымдағы жылғы наурызда 4,8%-ды (2018 жылғы желтоқсанда 5,3%) құрады.
«Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы ағымдағы жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 6,0%-ға (2018 жылғы желтоқсанда 6,4%) жетіп, жылдық серпіннің біртіндеп баяулағанын көрсетті. Азық-түлік тауарларының бағасы инфляцияның өсуіне аздаған үлесті қамтамасыз ете отырып, 2018 жылғы наурызбен салыстырғанда 2018 жылғы наурызда 6,7%-ға (2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2018 желтоқсанда 5,1%-ға) өсті. Ақылы қызметтің бағалары мен тарифтерінің жылдық өсуі 1,2%-ға дейін бәсеңдеді (2018 жылғы желтоқсанда 4,5%), бұл табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтерін төмендету жөнінде қабылданған шараларға байланысты», - делінгн хабарда.
Қаржылай реттеушінің баспасөз қызметінде атап өтілгендей, Инфляциялық күтулер инфляцияның төменгі деңгейі аясында төмендеуде.
«Инфляцияның алдағы 12 айда күтілетін мәні халықтың пікіртерімінің наурыздағы деректері бойынша 4,5% болды. Инфляцияның деңгейінен төмен инфляциялық күтулерді қалыптастыру болашақта инфляцияны тұрақтандыруға оң ықпал ететін болады», - деді Ұлттық банктен.
Сондай-ақ, халықтың іскерлік белсенділігі мен кірістерінің өсуі де жалғасты.
«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша жылдық көрсетуде 104,2% болды. Құрылыс (8,9%), сауда (7,2%), тау-кен өндіру өнеркәсібі (4,8%), көлік (4,4%), ауыл шаруашылығы (3,6%) өсуге оң үлес қосты. Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі үш айда өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 7% болды», - делінген хабарда.
Ұлттық банкте атап өтілгендей, экономикадағы ішкі сұраныс халықтың нақты ақшалай кірістерінің (жылдық көрсеткіш бойынша қаңтар-ақпанда 9,4%-ға) өсуімен, сондай-ақ банк секторындағы тұтынушылық кредиттер портфелі кеңеюінің (жылдық көрсеткіш бойынша ақпанда 13,5%-ға) сақталып отырған үрдісімен ынталандырылады.
«Сыртқы секторда қалыпты-жағымды ая байқалады. Мұнайдың бағасы жоғары деңгейде (жыл басынан бастап BRENT маркалы мұнайдың бір баррель үшін орташа баға деңгейі 64 АҚШ долларын құрады) қалыптасты. Сыртқы монетарлық талаптар базалық мөлшерлеме бойынша алдыңғы қабылданған шешіммен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ, олардың ағымдағы әсері бейтарап ретінде бағаланды. Қытайдағы және ЕО-ғы инфляция осы елдердің нысаналы бағдарынан төмен деңгейде қалыптасты. Соған қарамастан, Ресейден жоғары инфляция импортының тәуекелі сақталып отыр», - делінген хабарда.
Ұлттық банк ақпарынша, базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қарамастан ақша-кредит талаптары бейтарап болып қалуда.
«Базалық мөлшерлеме бойынша ағымдағы шешім 2019-2020 жылдарда 4-6%-дық нысаналы дәліз шегінде қалыптасқан инфляциялық аяны бақылауды сақтауға және экономикалық өсуге барынша ықпал етуге мүмкіндік береді. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де жарияланады», - делінген хабарда.

adimage