ҚР Қорғаныс министрінің экс-орынбасары ҚР қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің басшысы болып тағайындалды

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – ҚР Қорғаныс министрінің экс-орынбасары Әбілқайыр Сқақов ҚР қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
«ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып Әбілқайыр Сқақов тағайындалды. Бүгін тағайындау туралы бұйрыққа Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов қол қойды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Әбілқайыр Сқақов 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап – Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған (экономика және қаржы бойынша).
Еске салсақ, 23 сәуірде мемлекет басшысының жарлығымен Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР қорғаныс министрі орынбасарының қызметінен босатылған еді.

adimage