ҚР ПӘ басшысының орынбасары тағайындалды

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын», - делінген сәрсенбіде таратылған Ақорда хабарында.
Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшысының Жарлығымен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылған болатын.

adimage