ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

Астана. 23 шілде. ҚазТАГ – ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды, деп хабарлады премьердің баспасөз қызметінен.
«ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
38 жасар Ержан Жиенбаев 2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек еткен. 2005 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012–2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Еске салсақ, 10 шілдеде ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары – ҚР парламентіндегі ҚР үкіметінің өкілі болып Ермек Аманшаев тағайындалған еді. Ол 2019 жылдың ақпанынан бастап ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып жұмыс жасады және 5 жылдан астам уақыт елорда әкімінің орынбасары болған.

adimage