ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ - ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлады Ақордаға сілтеме жасалған ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының өкімімен Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 2017 жылдың тамызында Мақсат Сқақов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

adimage