Ресей әкімшілігіндегі Байқоңырдың су жүйелеріне Қазақстан Т10,8 млрд жұмсамақ

   Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – Байқоңырда су бұру жүйелерін реконструкциялау жұмыстарына Т10,8 млрд жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Тапсырыс беруші – «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ; атауы - работы по капитальному ремонту/реконструкции систем водоснабжения/водопровода (сумен жабдықтау/жүйелерін күрделі жөндеу/қайта жаңарту бойынша жұмыстар», қазақша лотта атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т10 834 119 980», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
   Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 10 сәуір мен 17 сәуір аралығында өткен.
Айта кетейік, Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясының әкімшілігінде.

Фото көзі: Из открытых источников


adimage