Ресейліктерді қабылдап жатқан қазақстандықтар көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Ресейліктерді қабылдап жатқан қазақстандықтар көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті, деп хабарлайды ішкі сітер министрлігінің ресми интернет ресурсы.

«Құрметті қазақстандықтар! Қонақ үйлердің, хостелдердің, пансионаттардың, жатақханалардың иелері! Пәтерлер мен басқа да тұрғын үй-жайлардың иелері, Сіздерге сөз арнаймын! Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады», - деді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының м.а. Аслан Аталықов.

2012 жылдың 21 қаңтарында бекітілген  №148 ҚР Үкіметінің қаулысының “Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы қағидаларының” 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті.

Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде беріледі. Осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылатынын ескертеміз.

Заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған, бұл 306 мың теңгеге тең.

Жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталап бұзғаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.

Шетелдіктің келуі туралы хабарламаны қабылдаушы тарап үш тәсілмен бере алады:
1. Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады: vmp.gov.kz немесе egov.kz.
2. Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады.
3.  e-Qonaq қосымшасы арқылы.

adimage