Сқақов Бақауовтың орнына Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды

Павлодар. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Әбілқайыр Сқаков Бақауовтың орнына Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сіздер баршаңыз оны жақсы білесіз, ол 14 жыл Павлодар облысында жергілікті атқарушы органдарда жұмыс жасады», - деді сейсенбі күні жаңа әкімді таныстырған ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.
Кейін Ақорда сайтында Сқақовтың Павлодар облысының әкімі болып тағайындалғандығы туралы жарлық шықты.
«Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалсын», - делінген жарлықта.
Басқа жарлықпен «мемлекет басшысы Бақауов Болат Жұмабекұлын Павлодар облысының әкімі қызметінен босатқан».
Бұған дейін 2019 жылдың сәуірінен бастап Сқақов ҚР қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Еске салсақ, 15 қаңтарда ҚазТАГ ХАА Екібастұз әкімдігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, әкім Бақауовтың Екібастұздағы жоспарланған шараға келмегенін және оның көмекшілерінің біреуін ҰҚК қызметкерлері ұстағандығы туралы ақпаратты хабарлаған болатын. Алайда арнайы қызметтердің өздері, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми растамады. Агенттіктің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі облыс әкімінің уақытша ұстау изоляторына және Павлодардағы тергеу изоляторына жеткізілмегенін айтты.
Кейін әкімшіліктен бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және жедел хабарламаларда таратылған Павлодар облысы әкімінің ұсталғандығы және жауап алынғаны туралы аудио жазбалар мен хабарламаларға түсініктеме берді. Баспасөз қызметі «қазіргі уақытта бұл ақпарат ресми расталмай отыр» деп атап өтті. Сондай-ақ әкімшіліктегілер «ресми деректер пайда болғанға дейін қорытындылардан аулақ болуды» сұрады.
Сол күні жағдаймен таныс дереккөз агенттікке Бақауов пен оның кеңесшісінің облыстың Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратында болғанын айтты. Ол Бакауовтың кеңесшілерінің қайсысы әкіммен бірге ҰҚК ғимаратында болғанын көрсетпеді, бірақ «кеңесші әйел» деді. Айта кету керек, ұзақ уақыт бойы Татьяна Фишер Бакауовтың жалғыз әйел кеңесшісі болып табылады.
16 қаңтарда Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет «қазіргі уақытта Павлодар облысының әкімдігі қалыпты режимде жұмыс істейді. Облыстың бүкіл басшылығы жұмыс орнында, жалғыз мәселе - облыс әкімі қазір әкімдік ғимаратында емес, ол қазір Павлодар қаласында жұмыс бабымен (жүр - ҚазТАГ), - деді сәрсенбіде журналистерге. Айта кету керек, сол күні әкімшілікте екі алқа отырысы жоспарланған болатын, олар болмайтын болды.
Алайда 15 қаңтар күні кешкісін ҰҚК қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Павлодар облысының әкімі Бақауовқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында қарастырылған қылмыстық іс бойынша тергеу және жедел шараларын жүргізгенін хабарлады. «Тергеу амалдары жалғасуда»,- делінген хабарда.
Бақауов 2016 жылдың наурызында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған, ал бұған дейін - 2014 жылдың сәуірінен наурызына дейін - Павлодар қаласының әкімі, ал одан бұрын - 2011 жылғы қазаннан 2014 жылғы сәуірге дейін - Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі болған.

adimage