СҚО-да 2019 жылдың 1 қазанынан бастап РТЖ үшін өтемдік тариф төмендейді

Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында 2019 жылдың 1 қазанынан бастап «Ресей темір жолдары» ААҚ үшін өтемдік тариф төмендейді, деп хабарлады Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тарифтік сметаны орындауға жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Ресей темір жолдары» ААҚ-ның кірме жолдар саласындағы қызметіне қолданыстағы тарифтен 6,7% төмендетумен, 2019 жылғы 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізумен 61,17 тенге вагон/км (ҚҚС - сыз) мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітті», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Комитетте нақтылағандай, мұнда тұтынушыларға қайтарылатын сомасы қайта қаржыландыру ставкасы есебімен шамамен 608,9 мың теңгені құрайды.

adimage