СҚО-да ауыл әкімі 130 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

   Петропавл. 1 шілде. ҚазТАГ – СҚО-да ауыл әкімі 130 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Петропавл жаңалықтары.
   «СҚО прокуратурасының мәліметінше, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 26 маусым күні Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкімі Азамат Жолдаяқовты 130 мың теңге пара алғаны үшін ұстаған», - делінген прокуратураның хабарламасында.
  Сол күні ведомство қызметкерлері тінту барысында ақшаны тауып, тәркіледі. Жолдаяқов заңға сәйкес күдікті деп танылды.

adimage