СҚО-да фирма кеңсесіне жасалған қарақшылық шабуыл кезінде Т170 млн қолды қылған

Петропавл. 20 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында фирма кеңсесіне жасалған қарақшылық шабуыл кезінде Т170 млн қолды қылған, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«19 қарашада шамамен сағат 19.15-те төрт белгісіз қылмыскер «Талшик Астык LTD» ЖШС ғимаратына баса көктеп кіріп, ЖШС басшысын қарумен қорқытып, Т170 млн мен екі ұялы телефонды ұрлап кеткен», - деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен сәрсенбіде
Жағдай Ақжар ауданы Талшық ауылында болған. ҚР ҚК 192 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Аталмыш қылмысты ашу СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев пен облыстық прокуратура басшысының бақылауына алынған. Жүргізіліп жатқан шұғыл-іздестіру шаралары аясында барлық патрульдер мен жасақтар, барлық облыстық полиция департаменті іске кірісті», - деді СҚО ПД-нен.


adimage