СҚО-да мектептің апат кезінде шығатын бөлігі құлады

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында мектептің апат кезінде шығатын бөлігі құлады, деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«24 сәуірде сағат шамамен 1.30-да Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы Тайыншы қаласындағы №1 ОМ ғимаратына жапсарлас салынған апат кезінде шығуға арналған бөліктің 50 ш.м. алаңы құлады. Алдын-ала ақпар бойынша оның құлауына ғимараттың біркелкі шөкпеуі салдарынан көлденең сызаттардың пайда болуы себеп болған», - деп хабарлады сәрсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Мектептің коммуникация жүйесі бүзылмаған. Мектептегі сабақтар уақытша тоқтатылған», - деді Нұрахметов.

adimage