СҚО-да Qyzyljar арнайы экономикалық аймағы құрылды

Алматы. 7 қазан. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы құрылды, деп хабарлады СҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
«Құрметтi достар, сiздермен жағымды жаңалықпен бөлiсейiн. Бүгiн ҚР Үкiметiнiң қаулысымен «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл Солтүстiк Қазақстан облысы үшiн ерекше күн. АЭА аясында заманауи және экспортқа бағытталған өндiрiстер пайда болып, 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Алғашқы кезеңде 160 млрд. тг. инвестиция тартылмақ. Аймақ 25 жыл жұмыс iстейдi, осы уақытта 1,5 триллион теңгенiң өнiмi шығарылмақ», - деп мәлім етті СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Хабарда атап өтілгендей, бұл Ресей және Қазақстанмен шекаралас аймақтарда құрылған алғашқы экономикалық аймақ. Оған тағам, құрылыс материалдары, жиһаз, электроника және машина жасау саласында өнiмдi шығару және өңдеу кiредi. Бизнеске салық жеңiлдiктерi берiледi, мемлекет барлық инфрақұрылымды жеткiзедi.
«Бiз шетелдiк, ресейлiк және қазақстандық инвесторлар қызығушылық танытады деп санаймыз. Аймақтың құрылуы СҚО-ның дамуына тың серпiн бермек», - деді өңір басшысы.
Еске салсақ, 18 қыркүйекте «ҚазТАГ» ХАА хабарлағандай, Қазақстанда тағы бір арнайы экономикалық аймақ құрылмақ.
«Qyzyljar АЭА 2044 жылға дейін құрылсын», - делінген еді үкімет қаулысының жобасында.
Qyzyljar АЭА Петропавл аумағында 192,3 га алаңды алатын болады деп күтілген еді.

adimage