СҚО-да сенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Петропавл. 3 шілде. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

adimage