СҚО-да су тасқынына байланысты жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды

Петропавл. 16 сәуір. ҚазТАГ — Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсынан.
«TikTok әлеуметтік желісінде Петропавлдағы су басқан Ойқала ауданында сумен бірге қасқырлар мен жабайы қабандар пайда болды деген хабарлама шықты. Полицейлер жалған ақпарат таратқан азаматты анықтады. Ол – 20 жастағы петропавл тұрғыны болып шықты. Ер адамның құрдасы дәл осы әлеуметтік желіде тасқын судан екі бала қайтыс болды деген ақпарат таратқан. Бұл ақпарат та жалған.
(…)ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес оларға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады», — делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратушылардың екеуіне де қатысты әкімшілік материал жиналады.

Фото көзі: pixabay


adimage