СҚО-дағы «Қазсушаруашылығы» филиалының экс-директоры ақша жымқырғаны үшін сотталды

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қазсушаруашылығы» филиалының экс-директоры ақша жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.
«СҚО Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі ҚР АШМ су ресурстары комитетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қазсушаруашылығы» ШЖҚ РМК филиалының бұрынғы директоры С.А.Жақаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. (…) 10 қазанда Петропавл қалалық сотының үкімімен Жақаев өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ақпарынша, сотталушы жалпы сомасы Т6,9 млн көлемінде өндірістік базадағы бақылау-өткізу пунктінің қайта жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша қызметке төлем жасауға арналған ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің қаражатын, сонымен бірге іссапар шығындарын төлеу және филиал қызметкерлеріне материалдық көмек беруге арналған бюджет қаржысын жымқырған деп айыпталуда

adimage