Сәрсенбі күні Ақтөбе облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Ақтөбе облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«20 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде ауа температураның төмендеуі түнде 17-22, күндіз 14-19 градус аязға дейін. Ақтобе қ : 20 қарашада: ауа температураның төмендеуі түнде 18-20, күндіз 14-16 градус аязға дейін», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage