Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында жаңбыр күтіледі

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ- Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында жаңбыр күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
"Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ҚР батысындағы, солтүстігі мен оңтүстігіндегі ауа рйаыны анықтайтын болады, соған байланысты жаңбыр жауады, ҚР батысында жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысы мен солтүстігінде тұман түседі, оңтүстік-шығысында, оңтүстігі мен батысында жел күшейеді", – делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +15+17.
Алматыда құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 2-7 метр/секунд жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +19+21.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +20+22.
Батыс Қазақстан облысында батысында тұман түседі, күндіз оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -1+4 (оңтүстігінде +7).
Атырау облысында басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, түнде батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде +5+10 (солтүстігінде +2).
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде тұман түседі, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18 (солтүстігінде +10), түнде -3+2 (оңтүстігінде +5).
Қызылорда облысында күндіз солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +15+20, түнде +3+8.
Алматы облысында Алакөл көлінің ауданында 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +19+24, түнде +3+8.
Жамбыл облысында оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Маңғыстау облысында батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +7+12 (солтүстігінде +2).
Ақтөбе облысында оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +11+16 (солтүстігінде +6), түнде +2+7 (солтүстігінде -2).
Қостанай облысында күндіз батысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +18), түнде +1+6 (солтүстігінде -2).
Түркістан облысында ертеңгісін және күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +19+24 (солтүстігінде +16), түнде +6+11 (солтүстігінде +2).
Ақмола облысында күндіз батысында аздаған жауын-шашын түседі. Күндіз +14+19, түнде 0+5 (шығысында -3).
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде -4+1.
Қарағанды облысында батысында аздаған жауын-шашынды. Күндіз +13+18, түнде -3+2 (оңтүстігінде +5).
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде тұман түседі. Күндіз +13+18 (солтүстігінде +10), түнде -3+2 (оңтүстігінде +5).
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы мүмкін ", - деп ескертті синоптиктер.

adimage