Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашынды, жаңбыр және қар жауады, тек республиканың оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ, солтүстігі мен шығысында – төменнен сырма соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз аздаған жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кейде тұман түседі, көктайғақ. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0 шамасында, түнде -3-5.
Алматыда күн бұлтты, түнде аздаған жауын-шашынды. Тұман, көктайғақ. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +3+5.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз +5+7.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, төменнен сырма соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, төменнен сырма соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +3+8, түнде -2-7.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, төменнен сырма солғады, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 3+2, түнде -5-10.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +1+6, түнде -1-6.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, кей жерлерде төменнен сырма соғады. Күндіз +1+6, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +4+9, түнде 0+5.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде -3-8.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +1+6, түнде -2-7.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -1-6.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
«Алдағы күндері республиканың шығысындағы, оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы жекелеген таулы өзендерде су көлемінің көбеюі байқалады. Республиканың солтүстік жартысындағы өзендерде су бетінің салқындауы күтіледі, жекелеген кішкентай өзендерде алғашқы мұз қатулар пайда болуы мүмкін», - дейді синоптиктер

adimage