Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жоғары атмосфералық қысым алаңының және құрғақ оңтүстік циклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстігінде, солтүстік-батысы мен орталығында ғана Мурманск ауданынан келетін солтүстік-батыс циклонның ықпалымен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде 18+20.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +322+24, күндіз +34+36.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз, 6-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +37+39, түнде +22+24.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +11+16.
Ақмола облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, дауыл тұрады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +21+26, түнде +15+20.
Павлодар облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, дауыл соғады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +14+19.
Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, кей жерлерде қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38 (оңтүстігінде +41), түнде +21+26.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +36+41, түнде +21+26.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30 (оңтүстігінде +35), түнде +13+18.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз+19+24, түнде +10+15.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +19+24.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +34+39, түнде +20+25.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +19+24.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз+28+33, түнде +10+15.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +26+31, түнде +15+20
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.



adimage