Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Солтүстік-батыс циклонның ықпалымен еліміздің басым аумағында қар жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз қар, жаяу бұрқасын. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14 м/с, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -3-5.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +4+6, түнде -1-3.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+15, түнде +1+3.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +7+12 (солтүстігінде -8), түнде -3+2.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын, түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -9-14 (солтүстік-шығысында -17), түнде -20-25 (оңтүстік-батысында -15).
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -13-18.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -10-15, түнде -13-18.
Алматы облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 4+9 (солтүстігінде -10), түнде -1-6 (солтүстігінде -18).
Қарағанды облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4+1, түнде -10-15.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -22-27.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -11-16, түнде -23-28.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5 (солтүстігінде -5), түнде -3-8 (оңтүстігінде 0).
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -3-8 (солтүстігінде -13).
Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, кей жерлерде жаяу сырма соғады. Күндіз -5-10 (солтүстігінде -13), түнде -10-15 (солтүстігінде -20).
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады. Күндіз -13-18 (оңтүстігінде -9), түнде -22-27 (оңтүстігінде -17).
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15 (солтүстігінде -3), түнде 0+5.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -12-17 (оңтүстігінде -8), түнде -12-17.
«Алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысының әлсіреуі күтіледі», - деп ескертті синоптиктер



adimage