Сәрсенбі күні KASE индексі 0,09%-ға 2172,19-ға өсті

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,09% -ға 2170,14 -тен 2172,19-ға дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,4 есе түсіп, Т24,2 млн. немесе $62,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,9%), «Кселл» АҚ (+1,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,01%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,2%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,4%) және «KEGOC» АҚ (-0,5%) акцияларының бағасы түскен.

adimage