Сәрсенбі күні KASE индексі 0,14%-ға 2219,64–ке түсті

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,14% -ға 2222,74 -тен 2219,64-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,8% түсіп, Т101,2 млн. немесе $261,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «KEGOC» АҚ (+0,3%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1,6%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,8%), KAZ Minerals PLC (-0,9%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,1%), «Кселл» АҚ (-0,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ(-1,3%) акцияларының бағасы түсті.

adimage