Сәрсенбі күні KASE индексі 0,85%-ға 2265,34-ке өсті

Алматы. 26 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,85% -ға 2246,25 -тен 2265,34-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,2 есе өсіп, Т278,2 млн. немесе $735,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+3,6%), «Кселл» АҚ (+1,3%) және «Қазақтелеком» АҚ (+4,1%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,4%), KAZ Minerals PLC (-0,2%), «KEGOC» АҚ (-0,7%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,8%).акцияларының бағасы түсті.

adimage