Сәрсенбі күні KASE индексі 1%-ға 2349-ға өсті

Алматы. 20 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,97% -ға 2326,30-дан 2348,95-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 25,6% түсіп, Т128,7 млн. немесе $342,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+3,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,4%), «Кселл» АҚ (+2,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,2%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,2%), «KEGOC» АҚ (-0,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,4%).акциялары төмендеді.

adimage