Сәрсенбі күні Кіші Алматы бассейнінде қар көшкінінің жүру қаупі сақталуда

Алматы. 19 ақпан. КазТАГ – Сәрсенбі күні Кіші Алматы бассейнінде қар көшкінінің жүру қаупі сақталуда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алматы тауларында қар жамылғысының қалың әрі биік болуына байланысты Кіші Алматы өзенінің бассейнінде 19 ақпан күні де қар көшкіні қаупі сақталады», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер көшкін жүру қаупіне байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға тыйым салуда.
«Тауларда абай болыңыздар», - деп ескертті «Қазгидрометтен».

adimage