Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан мен екі облыста тұман күтіледі

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан мен екі облыста тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 11 желтоқсанда тұман сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
11 желтоқсанда Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Көкшетау қ.: 11 желтоқсанда тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«11 желтоқсанда Қостанай облысында тұман күтіледі. Қостанай қ: 11 желтоқсанда тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage